Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Факультеттер Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
ПОӘК
Портфолио

Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы

Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы

«Дәрілер технологиясы» және «Фармакогнозия» кафедралары 1981 жылы құрылған.
Дәрілер технологиясы кафедрасының алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылар: Рысбекова З.М., Усенбаева Р.Б. Бүкілодақтық фармация ғылыми-зерттеу институтында (Москва қ.) Сағындықова Б.А. аспирантурада дайындықтан өтіп жатты.
Фармакогнозия кафедрасының алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі фармация ғылымдарының докторы, профессор Баймуханбетов М.А., доценттер Бимурзаев А.А., Синицина В.М., аға оқытушылар Барамысова Г.Т. және Абдулгафарова К.К. болды.


Дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушілері әр жылдары келесі қызметкерлер болды:
– Чукурова Р.М., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент - 1981-1993 жж.
– Меңдібаев Б.Т., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент -1993-1997 жж.
– Сағындықова Б.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор - 1997 -2025 жж.


Фармакогнозия кафедрасының меңгерушілері:
– Баймухамбетов М.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор – 1981-2004 жж.
– Ташменов Р.С., техника ғылымдарының кандидаты, доцент – 2004-2005 жж.
– Абилаев С.А., биология ғылымдарының кандидаты, доцент – 2005-2007 жж.
– Патсаев А.К., химия ғылымдарының докторы, профессор – 2007-2018 жж.
– Өмірәлі М.Ә., фармация ғылымдарының кандидаты – 2018-2021 жж.
– Орынбасарова К.К., фармация ғылымдарының кандидаты, доцент – 2021-2024 жж.


ОҚМА Ғылыми Кеңесінің шешімімен 29.08.2024 жылдан бастап «Дәрілер технологиясы» және «Фармакогнозия» кафедралары біріктірілді.
Кафедраны 2025 жылының қыркүйек айнан фармация ғылым канадидаты, қауым.профессор Тоқсанбаева Жанат Сәдібекқызы басқарады.

Кафедрада жүзеге асырылатын негізгі білім беру бағдарламалары:
Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасы фармация факультетінің профильді кафедраларының бірі ретінде жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосуда. Кафедраның оқу аудиториялары қазіргі заманға сай қондырғылармен, приборлармен, кіші механизация құралдарымен, техникалық оқу құралдарымен және т.б. жабдықталған.
Мамандарды даярлау 6В10106 - «Фармация» (бакалавриат), 6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (бакалавриат), 7М10142 - «Фармация» (магистратура) 7М10143 - «Фармацевтикалық экология» (магистратура) және 8D10140 - «Фармация» (докторантура) білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Кафедрада фармацевтерді дайындауға бағытталған келесі пәндер оқытылады:
6В10106 - «Фармация» (бакалавриат) білім беру бағдарламалары бойынша:
1. «Фармациядағы жобалық-бағытталған қызмет»
2. «Дәрілік түрлер технологиясы»
3. «Экстракциялық препараттар технологиясы»
4. «Дәрілердің өндірістік технологиясы-1,2»
5. «Инновациялық фармацевтикалық технология»
6. «GMP және таза бөлмелер»
7. «Тиісті дәріханалық тәжірибе GPP» (жедел.оқу түрі)
8. «Фармацевтикалық биотехнология» (жедел.оқу түрі)
9. «Ботаника»
10. «Фармакогнозия-1,2»
11. «Ресурстану және дәрілік өсімдіктердің экологиясы»
12. «Фитокосметология»
13. «Фитохимия және дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау»


7М10142 - «Фармация» (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды дайындау екі бағытта жүргізіледі:
–ғылыми-педагогикалық
–кәсіби

Кафедраның оқу-әдістемелік жетістіктері
Кафедра қызметкерлері осы уақытқа дейін 23 оқулықтар мен оқу құралдарын орыс және мемлекеттік тілде дайындап шығарды, оның ішінде негізгілері:
1. Сағындықова Б.А. «Дәрілердің өндірістік технологиясы» оқулық: – Шымкент. – 2008. – 346 б.
2. Сағындықова, Б.А., Анарбаева Р.М. «Дәрілердің дәріханалық технологиясы»: оқулық. – Шымкент. – 2008. – 436 б.
3. Сағындықова Б.А. «Дәрілердің өндірістік технологиясы»: оқулық. – Шымкент. – 2011. – 346 б.
4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. «Биофармация және дәрілік препараттарды биофармацевтік зерттеу»: оқулығы. – Шымкент. – 2023. – 206 б.
5. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. «Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы»: оқулық. – Шымкент. – 2021. – 427 б.
6. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. «Дәрілердің дәріханалық технологиясы» оқулық (өңделген және толықтырылған): Шымкент. – 2021. – 560 б.
7. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық. Том 1. – Шымкент. – 2024. – 340 б.
8. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық. Том 2. –Шымкент. – 2024. – 410 б.
9. Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Тоқсанбаева Ж.С., Кадишаева Ж.А. Ботаника: оқулық, Шымкент – 2013 ж.
10. Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. Фармакогнозия: оқулық, екінші басылым, Шымкент – 2018 ж.
11. Токсанбаева Ж.С., Серикбаева Т.С., Патсаева К.К. Фармакогнозия: оқулық, Шымкент. – 2021 ж.- 415 б.
12. Орынбасарова К.К., Рахманова Г.С. Табиғи дәрілік қосылыстардың химиясы пәнінің зертханалық сабақтарына арналған қолданба; оқу құралы. Шымкент – 2022 ж.
13. Орынбасарова К.К., Ибрагимов Т.С., Ибрагимова З.Е. Дәрілік өсімдік шикізатының атласы; оқу құралы. Шымкент – 2022 ж.

Кафедра қызметкерлерінің жетістіктері

1. Профессор Сағындықова Б.А. «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, «Фармацевт кәсібіне адалдығы үшін» медалімен, «Облысқа сіңген еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Алтын медалімен» марапатталған.
2. Анарбаева Р.М., профессор, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, «Фармацевт кәсібіне адалдығы үшін» медалімен марапатталған.
3. Токсанбаева Ж.С., қауым.профессор «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.
4. Өмірәлі М.Ә., доцент «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен және «Оқу мен тәрбие ісінің үздігі» медалімен марапатталған.
5. Орынбасарова К.К., профессор «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «За верность профессии фармацевта» және «25 лет Независимости Республики Казахстан» медалімен марапатталған.

Байланыс

Бөлім мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби No1, бас ғимарат, 3-қабат.
Телефон: 8(7252)40-82-22 (внутренний 327)
Электрондық пошта мекенжайы: dtph2024@mail.ru
Тоқсанбаева Жанат Сәдібекқызы
Тоқсанбаева Жанат Сәдібекқызы
«Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., қауым.профессор
Сағындықова Б.А.
Сағындықова Б.А.
фарм.ғ.д., проф.
Анарбаева Р.М.
Анарбаева Р.М.
фарм. ғ. к, профессор
Кыдыралиев Б.С
Кыдыралиев Б.С
Фарм. ғ. к., доцент м.а.,
Орынбасарова К.К
Орынбасарова К.К
Фарм.ғ.к., профессор
Өмірәлі М.Ә
Өмірәлі М.Ә
Фарм.ғ.к., доцент м.а.
Оразбеков Е.Қ
Оразбеков Е.Қ
PhD, доцент м.а.,
Есенова Ж.Х
Есенова Ж.Х
Биол.ғ.к., доцент м. а.
Қозыкеева Р.А
Қозыкеева Р.А
PhD, доцент м.а.
Гапбарова М.Х
Гапбарова М.Х
Хим.ғ.магистрі, аға оқытушы
Нұрбаева С.Е
Нұрбаева С.Е
Аға оқытушы
Иманалиева С.М
Иманалиева С.М
Мед. ғ. магистрі, аға оқытушы
Омарбекова А.А
Омарбекова А.А
Мед. ғ. магистрі, аға оқытушы

Бакалавриат

БӨҚ 2024-2025(Фармакогнозия)

Дәрістер 2025-2026

Дәрістер 2024-2025(Фармакогнозия)

Силлабустар 2024-2025(Технология лекарств)

Силлабустар 2025-2026

БӨҚ 2025-2026

Силлабустар 2024-2025(Фармакогнозия)

Әдістемелік нұсқаулар 2024-2025(Фармакогнозия)

Докторантура

Силлабустар 2025-2026

Магистратура

Силлабустар 2025-2026

БӨҚ 2025-2026