Войти
Басты бет Факультеттер Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
УМКД
Портфолио

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Кафедраның қысқаша тарихы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы 1982 жылы ұйымдастырылды және академияның кәсіби кафедраларының бірі болып табылады.
Алғашқы жылдары академияның қалыптасуында фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедра үшін И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясының күндізгі бағытты аспирантурасы арқылы ғылыми кадрлар дайындалды: Арыстанов Ж.М. (1985ж.), Жумабаев Н.Ж. (1992ж.), Шертаева К.Д. (1992ж.).

 

Кафедра меңгерушілері болып жұмыс жасады:
• Калашникова Раиса Артемовна (1982-1996г.) фарм.ғылымдары кандидаты, доцент;
• Махатов Бауыржан Калжанович (1999-2002г.) фарм. ғылымдары докторы, профессор;
• Жумабаев Нарбек Жумабаевич (2002-2004г.) фарм.ғылымдары кандидаты, доцент;
• Арыстанов Жалгаскали Мергалиевич (1996-1999г., 2004-2012г.) фарм. ғылымдары докторы, профессор;
• 2012 жылдың қазан айынана бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны фарм. ғылымдары докторы, профессор Шертаева Клара Джолбарисовна басқарады.

 

Кафедраның міндеттері:
«Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарына және фармацевтикалық нарықта еңбектің сұранысына сай келетін, кәсіби білімдерге, дағдыларға және терең теориялық, тәжірибелік дайындыққа ие мамандарды дайындау.


Негізгі оқу курстары:
6В-10106- «Жалпы тәжірибелі фармацевт» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» - 2,3 курс.
6В-10106- «Фармация менеджері» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Фармацияны басқару және экономикасы маркетинг және менеджментпен» - 4,5 курс.
6В-10106- «Клиникалық фармацевт» траекториясы бойынша «Фармация» - Модуль «Дәрі-дәрмек айналым саласында экономикалық, логистикалық және ақпараттық басқару негіздері» - 4,5 курс.


Кафедрада 2010 жылдан бастап 7М10142-«Фармация» мамандығы бойынша магистранттарды оқыту екі бағытта жүргізіледі:
• Ғылыми-педагогикалық;
• кәсіби


Магистранттар оқу үрдісінде келесі пәндерді меңгереді:


1.Фармацевтикалық бейіндегі кәсіпорындардағы менеджмент және маркетинг
2. Кадрлық және қаржылық менеджмент
3. Фармация саласы кәсіпорындарындағы менеджмент пен маркетинг
4. Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе
5. Қолданбалы фармакоэкономика
6. Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе
7. Басқарушылық кеңес беру
8.Фармацевтикалық кәсіпорындардағы ұйымдастырушылық мінез-құлық
9.Фармацевтикалық логистикадағы басқару
10. Басқарушылық кеңес беру


2018 жылы 8D10140-«Фармация» мамандығы бойынша докторантура институционалды аккредитацияны оң пікірмен өтті.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен 8D10140 - «Фармация» (докторантура) мамандығына арналған модульдік оқыту бағдарламасын әзірледі, оған келесі элективті пәндер кіреді:

1. «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың өндірісі мен айналым саласының мемлекеттік реттелуі»
2. «Дәрі-дәрмек айналым саласында коммуникативті құзыреттілік»
3. «Фармациядағы маркетингті зерттеулердің тұжырымдамалары»
4. «Фармацияда тиісті тәжірибелердің ұйымдастыру негіздері (GXP)»
5. «Әлеуметтік фармация»


ҚР Президентінің «үштілділік» бағдарламасы аясында келесі пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі:
Ағылшын тілінде жүргізіледі:

«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» - «Медицинское и фармацевтическое товароведение» - «Medicinal and Pharmaceutical merchandising»;
«Управление персоналом» - «Персоналды басқару» - «Personnel management»
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен мемлекеттік және орыс тілінде келесі оқу-әдістемелік әдебиеттер басылып шығарылды:
• ҚР фармацевтикалық қызметті реттейтін Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жинағы
• Фармация экономикасы
• Фармация саласындағы коммуникативті дағдылар
• Медициналық және фармацевтикалық тауартану
• Фармацевтикалық маркетинг
• Фармацевтикалық кеңес
• Фармацевтикалық ақпарат
• Фармакоэкономика негіздері


Жұмыс бағдарламалары мемлекеттік стандарттар мен стандарттық бағдарламалар бойынша әзірленіп, жүйелі түрде жаңартылып отырады, сонымен қатар бакалавриат, интернатура және магистратура деңгейлерінде элективті пәндер каталогы жыл сайын қайта қаралады. Жыл сайын пәндерге толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедрада оқытылатын пәндерінің әдебиеттері үнемі жаңартылып отырады.


Кафедрада екі инициативті ғылыми-техникалық бағдарламалар орындалып жатыр:
• Аумақтық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру жүйесінің маркетингтті басқарудың теориялық және ғылыми-қолданбалы зерттеулері.
• ҚР ТЖ кезінде фармацевтикалық көмек көрсетуді ғылыми-әдістемелік негізделуі.


Кафедраның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары
Дәрілік заттарды айналым және фармацевтикалық білім беру саласындағы теориялық, ғылыми және қолданбалы зерттеулер
• халықаралық стандарттар мен талаптарға және отандық фармацевтика өнеркәсібінің даму ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттік басқарудың және фармацевтикалық қызметті реттеудің тиімді механизмдерін енгізудің теориялық және қолданбалы тәсілдерін әзірлеу;
• отандық фармацевтикалық нарықта фармацевтикалық қызметті, дәрілік заттардың (ДЗ), медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ММБ) және парфармацевтикалық өнімдердің айналымын реттеу мәселелерін зерттеу;
• Болон декларациясының халықаралық талаптарына және отандық фармацевтикалық нарықтың сипаттамаларына сәйкес отандық фармацевтикалық өндірісті жетілдіру үшін фармацевтикалық білім беру саласын дамытудың мәселелері мен келешегін зерттеу;
• денсаулық сақтау саласының шектеулі жағдайында халыққа ұсынылатын фармацевтикалық медициналық көмектің (қызметтердің) ұйымдастырылуын және Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандырудың әлеуметтік моделін енгізуді регламенттейтін тиімді фармакоэкономикалық механизмдерді (баға белгілеу, сақтандыру, несиелеу, салық салу, инвестициялар) негіздеу;
• медициналық мақсаттағы міндетті медициналық сақтандырудың әлеуметтік моделін іске асыру бағытында ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мен фармацияны реформалау тұрғысынан тұтынылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың тиімді механизмдерін енгізу және ғылыми шығындардың орнын толтыру бойынша ғылыми тәсілдерді әзірлеу;
• дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ішкі нарығын дамыту жағдайында фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудағы заманауи әлеуметтік-психологиялық қағидаларды зерттеу;
• отандық фармациядағы қоғамдық бірлестіктерді дамыту стратегиясының ғылыми негіздемесі және фармацевтикалық қауымдастықтағы қоғамдық қозғалысты дамыту бағыттары;
• халықты дәрілік қамтамасыз ету жүйесінде маркетингтік басқарудың теориялық және қолданбалы зерттеулерін жүргізу.

Байланыс

Мекен-жайы: Республика Қазақстан, Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы №1/1, бас ғимарат, 3-қабат.
Байланыс телефон: 8 (7252) 40-82-22 (ішкі 327)
Кафедраның электронды мекен-жайы: oufd_@mail.ru
Шертаева К.Д.
Шертаева К.Д.
каф меңг., фарм.ғ.д.,профессор
Жұмабаев Н.Ж.
Жұмабаев Н.Ж.
фарм.ғ.к.,проф м.а.
Блинова О.В.
Блинова О.В.
қауым.профессор
Шимирова Ж.К.
Шимирова Ж.К.
доцент м.а.
Сапақбай М.М.
Сапақбай М.М.
доцент м.а.
Умурзахова Ғ.Ж.
Умурзахова Ғ.Ж.
PhD доктор
Утегенова Г.И.
Утегенова Г.И.
PhD доктор, доцент м.а.
Мамытбаева К.Ж.
Мамытбаева К.Ж.
фарм.магистрі,аға оқытушы
Уразбаева С.А.
Уразбаева С.А.
аға оқытушы
Бубешова М.С.
Бубешова М.С.
фарм.магистрі, аға оқытушы
Джабаркулова С.К.
Джабаркулова С.К.
фарм.магистрі, аға оқытушы
Орынбаева А.Д.
Орынбаева А.Д.
фарм.магистрі,аға оқытушы
Пернебаева Г.А.
Пернебаева Г.А.
аға лаборант
Ниетова Г.Т.
Ниетова Г.Т.
аға лаборант

Бакалавриат

Әдістемелік нұсқаулар 2024-2025

Дәрістер 2024-2025

Силлабустар 2024-2025

Докторантура

Магистратура

БӨҚ 2024-2025

Силлабустар 2024-2025