Войти
Басты бет Факультеттер Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
ПОӘК
Портфолио

Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасы

Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасы

«Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасы АҚ «ОҚМА» Ғылыми кеңесінің шешімімен (№1 хаттама, 28.08.2024 ж.) «Химиялық пәндер» және «Биология және биохимия» кафедраларын біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Дауренбеков Қанат Нарбекұлы тағайындалды.
«Химиялық пәндер» кафедрасы алғаш рет 1979 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалы (АММИ) ашылған кезде құрылды. «Бейорганикалық химия» кафедрасының алғашқы меңгерушісі филиал директоры, фарм.ғ.к., доцент Тегисбаев Е.Т. болып тағайындалды.
1980 жылы төмендегі кафедралар ашылды: «Бейорганикалық және физикалық-коллоидтық химия» – меңгерушісі фарм.ғ.к., доцент Тегисбаев Е.Т., «Аналитикалық және токсикологиялық химия» – меңгерушісі фарм.ғ.к. К.Г. Байзолданов және т.б., «Органикалық және биологиялық химия» – кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к. Патсаев А.К. «Бейорганикалық және физикалық-коллоидтық химия» кафедрасында х.ғ.к., доцент Абдилаев Б.А., х.ғ.к. Алибаева Х.А., х.ғ.к. Джасымбеков А.К., х.ғ.к. Патсаев А.К., т.ғ.к. Пусурманова Т.Ж. жұмыс істеді.

1985 жылы «Бейорганикалық және физикалық-коллоидтық химия» кафедрасының меңгерушісі болып конкурс негізінде х.ғ.к., доцент Ермекбаева А.Б. сайланды. 1988 жылы осы кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Швец И.С. тағайындалды. Кафедра ұжымы фармацевтикалық және медициналық факультеттерді ұйымдастыруға өз үлесін қосты. Осы жылдары кафедрада х.ғ.к., доцент Швец И.С., п.ғ.к. Еримбетова С.К., п.ғ.к. Чуйкова Н.А., Мамытова В.К., х.ғ.к., доцент Шитыбаев С.А., аға лаборант Есимбекова Е.Д. жұмыс істеді. «Аналитикалық химия» кафедрасында: фарм.ғ.к. Байзолданов Т.Б., х.ғ.к. Куралова Н.Т., Сагындыкова Б.А., Сабыржанова А.П., Кульбаева У.А., фарм.ғ.к. Бралинова К., Калелова Р., Мадыбекова Г.М., Тастемирова Д.Н. жұмыс істеді.
«Органикалық және биологиялық химия» кафедрасының меңгерушісі болып х.ғ.д., проф. Патсаев А.К. атқарды. Кафедра құрамында: х.ғ.к., доцент Ильясова М.И., т.ғ.к., доцент Пусурманова Г.Ж., б.ғ.к., доцент Аханов А.У., доцент Жайшибеков Б.С. және Сулейменова Р.Н., доцент К.К. Кымбатбеков, К.О. Шарипов, К.П. Кенжебеков жұмыс істеді.
1994 жылы бейорганикалық, физикалық-коллоидтық, аналитикалық және органикалық химия курстары біріктіріліп, бір кафедра – «Химия» кафедрасы болып құрылды. «Химия» кафедрасының меңгерушісі болып конкурс негізінде х.ғ.к., доцент Патсаев А.К. сайланды. Кафедраның қалыптасуына және кадрлар даярлауға х.ғ.к., доценттер Бактыбаев О.Б., Садыкова Ф.Ж., доц. Швец И.С., п.ғ.к. Еримбетова С.К., п.ғ.к. Чуйкова Н.А., х.ғ.к. Шитыбаев С.А., Мамытова В.К., х.ғ.к. Ахметова А.А., х.ғ.к. Дауренбеков Қ.Н., х.ғ.к. Алиханова Х.Б., п.ғ.к. Туребекова Г.А., п.ғ.к. Дильдабекова Л.А. үлкен үлес қосты.
2007 жылдан 2009 жылға дейін біріктірілген «Медбиология, фармакогнозия және химия» кафедрасын х.ғ.д., профессор А.К. Патсаев басқарды. 2009 жылы «Химия» және «Фармакогнозия» кафедралары бөлек кафедраға біріктіріліп, меңгерушісі х.ғ.д., профессор А.К. Патсаев болды.
2013 жылы академия Ғылыми кеңесінің шешімімен «Фармакогнозия және химия» кафедрасында «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу» зертханасы ашылды. Дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу зертханасының негізгі міндеті Түркістан облысында өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу және олардың негізінде дәрілік препараттарға арналған субстанциялар әзірлеу болды.

2018 жылы «Химия және фармакогнозия» кафедрасына қарасты «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу» ғылыми зертханасы ашылды, сосын «Химиялық пәндер» және «Фармакогнозия» кафедралары бөлек болып қайта құрылуына байланысты ол зертхана «Фармакогнозия» кафедрасына бекітілді.
«Химиялық пәндер» кафедрасы 2018 жылғы 14 сәуірде қайта ұйымдастырылды. Конкурс негізінде кафедра меңгерушісі болып х.ғ.к., доцент Дауренбеков Қ.Н. сайланды.
2019–2024 оқу жылдары аралығында кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) екі бағыт бойынша жүргізілді:
1) «Химиялық пәндерді оқытуда белсенді оқыту әдістерін іздеу және енгізу»;
2) «Түркістан облысының флорасында өсетін, халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктерді зерттеу» және осы екі бағыт бойынша «Химиялық пәндер» кафедрасында 70-тен астам ғылыми мақала, тезис және баяндама жарияланды.
«Биология және биохимия» кафедрасы 1979 жылдың тамыз айында Шымкент қаласында Алма-Ата мемлекеттік медицина институтының жалғыз фармацевтикалық факультеті бар филиалы ашылғаннан кейін ұйымдастырылып, «Жалпы биология негіздерімен ботаника» кафедрасы деп аталды. Кафедра құрамында: профессор Куандыков Е.У., б.ғ.к., доценттер С.А. Абилаев және А.У. Аханов, Майсаров Д.А., Кульбаева Б.Ж., кіші ғылыми қызметкер Есиркепов М.М., аға оқытушылар: Жолдасов К.Т. және Дюсенбаева Ф.Б., оқытушылар Дмитриева Р.А., Алипбаева Г.С., Конысова Х.С., Жазыкбаева Г.Т., Дарипбек А.Ж. және т.б., аға лаборант Тасова Л.С. жұмыс істеді.
1992 жылы АММИ филиалы Шымкент фармацевтикалық институтына өзгертілгеннен кейін жалпы медициналық факультет ашылды. Кафедра атауы «Ботаника және жалпы биология негіздері кафедрасы медициналық биология және генетика» болып өзгертілді.
Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып: б.ғ.к., доцент Абилаев С.А. (1979–1986, 2002–2007 жж.), б.ғ.к., доцент Майсаров Д.А. (1986–1992 жж., 1997–2002 ж.), м.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Куандыков Е.У. (1992–1997 жж.) болды.
«Биохимия» кафедрасы 15.09.1994 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты құрамында қайта ашылды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі міндетін химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, х.ғ.к. Б.С. Жайшибеков атқарды.
1997 жылдан 2002 жылға дейін биохимия кафедрасын профессор А.Ю. Юлдашев басқарды. Биохимия кафедрасында профессорлар: Шарипов К.О., Юлдашев А.Ю., Кенжебеков П.К., доценттер: Жумабаев У.А., Кан А.М., Аблаева З.Ю.; аға оқытушылар: Сулеймен Р.Н., Мамбеткулова К.К., Суранчиева А.С.; оқытушылар – Ордабекова А.Б., Асилбекова Г.К.; аға лаборанттар: Ибрагимов К.К., Шортанова К.Т.; лаборант – Кудайбергенова П.Б. қызмет атақарды.
2009 жылы медициналық биология, биохимия және микробиология курстары біріктіріліп «Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы құрылды.
Әр жылдары кафедра меңгеруші қызметін б.ғ.д., профессор Шарипов К.О., м.ғ.к. Есиркепов М.М., б.ғ.к. Бурабаев А.А. атқарды.
2018 жылғы 18 сәуірден 2020 жылғы 8 шілдеге дейін кафедра «Биология және биохимия» болып қайта құрылып, кафедра меңгерушісі болып PhD Ташмухамбетов Б.Г. тағайындалды. 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап, кафедра «Химиялық пәндер» кафедрасымен біріктірілгенге дейін «Биология және биохимия» кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Есіркепов М.М. болды.
Биология және биохимия кафедрасының қалыптасуы мен дамуына профессорлық-оқытушылық құрамы: проф. Куандыков Е.У., доцент С.А. Абилаев, доцент А.У. Аханов, доцент Майсаров Д.А., доц. Жайшибеков Б.С., проф. Юлдашев А.Ю., проф. Шарипов К.О., проф. Кенжебеков П.К., м.ғ.к., проф. Есиркепов М.М, б.ғ.д. Жумабаев У.А., б.ғ.к. Кульбаева Б.Ж., доцент Темирбеков А.Н., х.ғ.к. Аблаева З.Ю., м.ғ.к. Кан А.М., аға оқытушылар Жолдасов К.Т., Сулеймен Р.Н., Мамбеткулова К.К., Суранчиева А.С., Ордабекова А.Б., Асилбекова Г.К.. белсене ат салысты.

Кафедра меңгерушісі Дауренбеков Қанат Нарбекұлы – х.ғ.к., профессор м.а., ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 35 жыл. 1990 -1993 жылдар аралығынла ҚазССР ҒА А. Бектұров атындағы «Химия ғылымдары институтында» кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1993–1999 жылдары ШМФИ жанындағы Орталық ғылыми-зерттеу зертханасында (ОҒЗЗ) тағылымдамашы-зерттеуші, кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды, 1999–2007 жж. «Химия» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2004–2007 жж. ОҚММА «Емдеу ісі» факультеті деканының орынбасары қызметін қоса атқарды.
2007–2009 жылдары Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде оқу жұмысы жөніндегі проректор, 2009–2014 жж. – Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде оқу жұмысы жөніндегі проректор және ректор болып қызмет атқарды. 2014 жылдан «Химиялық пәндер» кафедрасында профессор м.а. лауазымында жұмыс атқарады, 2018 жылы конкурс негізінде «Химиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып сайланып, 2018–2021 жылдары АҚ «ОҚМА» «Фармация» факультетінің деканы қызметін қоса атқарды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі қызметінен бөлек академияда тәуекел-талдаушы қызметін қоса атқарады. Ол 6 оқулықтың, 1 монографияның, 12 оқу құралдарының, 6 типтік бағдарламаның және 100-ден астам ғылыми мақалалардың, оның ішінде Scopus базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдағы 1 мақаланың авторы болып табылады.
Кадрлар даярлау және жастарды тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін
«Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгімен (2010 ж., ҚР БҒМ) және «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен (2019 ж., ҚР ДСМ), сондай-ақ академияның құрмет грамоталарымен марапатталған.

Кенжебеков Пернебек Кенжебекович – х.ғ.к., «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының профессоры.
Педагогикалық еңбек өтілі 55 жылдан астам. «Медицина» және «Фармация» факультеттері білім алушыларына қазақ және орыс тілдерінде «Биохимия» пәні бойынша дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Білім алушыларға биохимияның негізгі тараулары бойынша жұмыс бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар, практикумдар және көрнекі құралдар дайындаған: «Ақуыздар биохимиясы», «Ферменттер», «Көмірсулар биохимиясы», «Биомембраналар» және т.б. 42 ғылыми-әдістемелік мақала және 1 оқулықтың авторы.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Нурмашев Бекайдар Калдыбаевич – профессор, медицина ғылымдарының кандидаты (PhD). Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері қауымдастығының президенті.2003–2009 жылдары емдеу факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі уақытта оқытушылық қызметпен қатар академияда клиникалық жұмыс жөніндегі проректор лауазымын атқарады. Менеджмент және ғылыми зерттеулер әдіснамасы бойынша, оның ішінде денсаулық сақтау саласында, түрлі семинарлар мен мастер-кластар аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Елде демократиялық және құқықтық қағидаттарды нығайтуға, сайлау мәдениеті мен азаматтық қоғамды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 30 жыл.
Екі өнертабысқа патенті бар, алпыстан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде «Scopus», «Thomson Reuters» және басқа да дерекқорларға кіретін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған 10-нан астам ғылыми мақаласы бар. 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2014 жылдың тамыз айында «Ассоциацияланған профессор» ғылыми атағы, ал 2021 жылы медицина саласы бойынша «Профессор» ғылыми атағы берілген. 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапаттаған. 2017 жылы экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан ерекше жеке еңбегі үшін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» ІІІ дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталған. 2018 жылы «Scopus» халықаралық рейтингтік дерекқоры тарапынан әлемдік медициналық ғылыми қауымдастықта Қазақстаннан шыққан ең көп жарияланатын және ең көп дәйексөз келтірілетін авторлардың бірі ретінде марапатталған. 2018 жылы ғылым саласындағы еңбек жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Темирбеков Анвар Низамидинович – м.ғ.к., доцент, «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының профессор м.а. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 49 жыл. «Медицина», «Педиатрия» және «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға орыс және қазақ тілдерінде «Молекулярлық биология», «Медициналық генетика», «Адам эмбриологиясы» және «Биохимия» пәндері бойынша дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Оқытылатын пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларының, оқу-әдістемелік құралдардың, практикумдардың және көрнекі құралдардың құрастырушысы.
1 монографияның, ҚР, жақын және алыс шетелде жарияланған 120-дан астам ғылыми мақаланың, 5 оқу құралының, 4 оқу-әдістемелік ұсынымның, 2 алдын ала патенттің, оқу процесіне енгізу бойынша 5 актінің авторы, 3 магистрант даярлады. Марапаттары:
– 1985 және 1990 жылдары ТашГОСМИ ректорының Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы, 2000 ж.
– «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың үздігі» төсбелгісі, 2002 ж.
– Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорының Алғыс хаты, 2005 ж.
– Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректорының Алғыс хаты, 2021 ж.
– Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректорының Алғыс хаты, 2022 ж.
– ОҚМА медицина факультеті деканының Алғыс хаты, 2025 ж.

Аблаева Захро Юлдашевна – х.ғ.к., профессор м.а. Педагогикалық өтілі 45 жыл. «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды, практикалық сабақтар өткізеді. Биохимия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 44 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.
Кан Аврора Михайловна – м.ғ.к., профессор м.а. Педагогикалық еңбек өтілі 45 жыл. «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына орыс тілінде дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Биохимия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 35 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Кульбаева Ботагоз Жакипбековна – б.ғ.к., профессор м.а. Педагогикалық еңбек өтілі 46 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға орыс тілінде дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Молекулярлық биология және медициналық генетика курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 16 ғылыми-әдістемелік мақала және 6 оқу құралының авторы.

Алиханова Халия Бакадировна – х.ғ.к., профессор м.а.
Педагогикалық еңбек өтілі 23 жыл. «Медицина», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға мемлекеттік және орыс тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. Органикалық химия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 118-ден астам ғылыми-әдістемелік мақаланың, 5 үлгілік бағдарламаның, 2 оқулық және оқу құралының авторы. «Ерен еңбегі үшін» (2017 ж.) және «Денсаулық сақтау үздігі» (2024 ж.) төс белгілерімен, ҚР ДСМ Құрмет грамотасымен марапатталған.

Туребекова Гульзахира Андасовна – п.ғ.к., доцент м.а. Педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» және «Фармация» факультеттері білім алушыларына қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. «Бейорганикалық химия» және «Физикалық-коллоидтық химия» курстары бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. «Физколлоидтық химия», «Табиғи қосылыстардың химиясы», «Химия природных соединений» оқулықтарының авторы. 120-дан астам ғылыми-әдістемелік мақаласы бар. 2 үлгілік бағдарламаны әзірлеушісі.

Дильдабекова Лаззат Анаркуловна – п.ғ.к., доцент м.а.
Педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. 9 оқу-әдістемелік құралыдардың, 90-нан астам ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Есиркепова Марал Махмудовна – PhD доктор, доцент м.а.
Педагогикалық өтілі 10 жыл. «Медицина», «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. 100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақала, 5 оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Бекарысова Дана Сапарғалиқызы – MD, PhD, ғылыми журналдарды үйлестіру және дамыту бөлімінің меңгерушісі, «Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics» журналының жауапты редакторы (Журнал КОКСНВО Тізіміне енеді). Педагогикалық өтілі 4 жыл. «Медицина» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. 35-тен астам ғылыми мақаланың, 2 авторлық куәліктің, 3 енгізу актінің авторы. Scopus және Web of Science базалары бойынша Хирш индексі – 7. «Rheumatology International», «Journal of Korean medical science», «Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics», «Clinical Rheumatology», «JOURNAL OF MEDICINE AND PHARMACY OF KAZAKHSTAN», «Immunologic Research» журналдарының тұрақты рецензенті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жас ғалымдар жұмыс тобының мүшесі; АҚ «ОҚМА» Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.

Усербаева Бану Абдраимовна – PhD, аға оқытушы. Педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» білім беру бағдарламалары бойынша химиия және биохимия курстарынан білім алушыларға орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. 11 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Юрикова Оксана Юрьевна – доцент м.а., PhD, биотехнология.
Педагогикалық еңбек өтілі 6 жыл. «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасы білім алушыларына ағылшын тілінде практикалық сабақтар өткізеді. 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Юнусова Нигара Хакимжановна – биология ғылымдарының кандидаты, PhD.
Педагогикалық еңбек өтілі 1 жыл. «Медицина», «Фармация», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. 5 ғылыми-зерттеу мақаласының авторы, Корея, Англия және Португалиядағы халықаралық конференцияларға қатысушы.

Мамырова Сәуле Алиханқызы – PhD, «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының аға оқытушысы. «Медицина» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға орыс тілінде «Медициналық генетика», «Молекулярлық биология», «Эмбриология», «Молекулярлық биология медициналық генетика негіздерімен» пәндері бойынша дәрістік және практикалық сабақтар өткізеді. Жарияланымдардың жалпы саны 22: оның ішінде Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми басылымда 2 мақала, ұлттық ғылыми басылымдарда 6 мақала, оның 3-і ҚР басылымдар Тізіміне енеді, республикалық және халықаралық конференцияларда 14 баяндама тезисі және мақала. Хирш индексі (h-index) – 2.

Алипбаева Гульназия Сейдалиевна – кафедраның аға оқытушысы.
Педагогикалық еңбек өтілі 39 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ тілінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. Молекулярлық биология және медициналық генетика курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 3 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Асилбекова Гулшахар Кенесбековна – аға оқытушы, биология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл. «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ және орыс тілдерінде «Биохимия» пәні бойынша дәріс оқиды, практикалық сабақтар өткізеді, сондай-ақ халықаралық факультеттің шетелдік білім алушыларына ағылшын тілінде дәріс және практикалық сабақтар өткізеді. Биохимия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 19 ғылыми-әдістемелік мақала және 1 «Биохимия гормонов» оқу-әдістемелік құралының авторы.

Еркекулова Калия Кудайкуловна – аға оқытушы, биология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 21 жыл. «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. Ағылшын тілінде биология курсы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің авторы. 15 ғылыми мақала және 2 өнертабыс патентінің авторы.

Дәріпбек Айгүл Жәдігербекқызы – аға оқытушы, биология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ тілінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. Молекулярлық биология және медициналық генетика курсы бойынша оқу-әдістемелік кешендердің әзірлеушісі. 4 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Жиенбаева Алия Айтбаевна – аға оқытушы, биология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 5 жыл. «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ тілінде практикалық сабақтар өткізеді. Биохимия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің әзірлеушісі. 11 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Саденова Акнур Абдулхамидовна – аға оқытушы, химия магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 21 жыл. «Фармация» және «Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ тілінде практикалық сабақтар өткізеді, дәріс оқиды. Ағылшын тілінде химия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің әзірлеушісі. 14 ғылыми мақаланың, оның ішінде Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми басылымда 1 мақала, 1 өнертабыс патенті авторы.

Абдирова Тюльпан Орысбаевна – оқытушы, биология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. «Медицина» және «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді. 4 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Катчанова Айгерім Болатқызы – оқытушы, химия магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 4 жыл. «Медицина» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді. Ағылшын тілінде химия курсы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің әзірлеушісі. 2 оқу құралы және 11 ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.

Ағабек Гүлназ Болатбекқызы – оқытушы, педагогика және психология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 1 жыл. «Медицина», «Фармация», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға «Биохимия», «Медициналық генетика», «Молекулярлық биология», «Эмбриология» пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді. 4 ғылыми мақаланың авторы.

Орынбек Ажар Ганиқызы – оқытушы, биология магистрі.
Педагогикалық еңбек өтілі 3 жыл. «Медицина», «Фармация», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға «Биохимия», «Медициналық генетика», «Молекулярлық биология», «Эмбриология» пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді. 5 ғылыми мақаланың авторы.

Кафедрада білім алушылар келесі пәндерді оқиды:
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша:
-бейорганикалық химия;
-органикалық химия;
-аналитикалық химия;
-физколлоидтық химия;
-биологиялық биохимия.

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша:
-бейорганикалық және физикалық химия;
-органикалық химия;
-аналитикалық химия.

Магистранттар таңдау компоненті бойынша оқиды:
-зертханалық зерттеу әдістерін интерпретациялау;
-молекулярлық-биологиялық және генетикалық зертханалық диагностика;
-биомедицинаның өзекті мәселелері;
-денсаулық сақтауда жобаларды басқару.

«Медицина», «Педиатрия», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша:
-химия;
-молекулярлық биология, медициналық генетика және эмбриология;
-биохимия.
«Қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламалары бойынша:
-химия;
-медициналық биология және медициналық генетика;
-медициналық биохимия.

Кафедрада оқытылатын жаңа элективтік пәндердің тізбесі жыл сайын жаңартылып отырады.
Кафедра оқытушылары өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады, аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасайды; оқытылатын пәндер және педагогикалық құзыреттіліктер бойынша ББК жүйелі түрде өтеді, республикалық және академияішілік семинарлар жұмысына қатысады. «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы бекітілген жоспарға сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады.

«Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының міндеттері:
- бакалавриат, магистратура және докторантура мамандарын даярлау процесінде кафедраның негізгі міндетін орындауға бағытталған қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану арқылы пәндерді оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- 3 тілде оқулықтар, оқу және көрнекілік құралдарын әзірлеу және енгізу, білім алушылардың білімдерін бақылауды қамтамасыз ету үшін бақылау-өлшеу құралдарын әзірлеу;
- оқытушылардың кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіру;
- кураторлық қызмет барысында, дәріс оқу және практикалық сабақтар өткізу процесінде, сондай-ақ жатақханада кезекшілік кезінде тәрбие жұмысын жүргізу.

«Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының ғылыми бағыттары:
- химиялық пәндерді оқытуда белсенді оқыту әдістерін іздеу және енгізу;
- халық медицинасында қолданылатын, Түркістан облысының флорасында өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу;
- адамның цитогенетикалық зерттеу әдістерін апробациялау (пациенттерді кариотиптеу);
- жануарлар мен адам гендерін зерттеу үшін ДНК және РНК бөліп алудың жаңа әдістерін енгізу;
- регенерациялық үдерістерді зерттеу;
- конституция типін анықтау мақсатында Түркістан облысы тұрғындарының антропометриялық зерттеулері;
- жарияланым этикасы мәселелері.


Соңғы 5 жылда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен «Органикалық химия» оқулығы (I, II, III том), фармацевтикалық мамандықтарында білім алушыларына арналған «Аналитикалық химия» оқу құралы, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім алушыларына арналған «Органикалық химия» оқу құралы, медицина мамандықтары бойынша білім алушыларына арналған «Химия» оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде және «Chemistry» оқу құралы ағылшын тілінде, сондай-ақ «Халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер» монографиясы жарияланды.
Қазіргі уақытта «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасында 29 ПОҚ жұмыс істейді, оның ішінде 3 профессор, 6 профессор м.а., 4 доцент м.а., 6 PhD, 6 аға оқытушы, 4 оқытушы, сондай-ақ 5 аға лаборант бар.

Дауренбеков Канат Нарбекович
Дауренбеков Канат Нарбекович
кафедра меңгерушісі, профессор м.а.
Нурмашев Бекайдар Калдыбаевич
Нурмашев Бекайдар Калдыбаевич
профессор, м.ғ.к.
Кенжебеков Пернебек Кенжебекұлы
Кенжебеков Пернебек Кенжебекұлы
профессор
Аукенов Нурлан Ерденович
Аукенов Нурлан Ерденович
профессор
Темирбеков Анвар Низамидинович
Темирбеков Анвар Низамидинович
профессор м.а.
Аблаева Захро Юлдашевна
Аблаева Захро Юлдашевна
профессор м.а.
Кан Аврора Михайловна
Кан Аврора Михайловна
профессор м.а.
Күлбаева Ботакөз Жақыпбеқызы
Күлбаева Ботакөз Жақыпбеқызы
профессор м.а.
Алиханова Халия Бакадырқызы
Алиханова Халия Бакадырқызы
профессор м.а.
Туребекова Гулзахира Андасқызы
Туребекова Гулзахира Андасқызы
доцент м.а.
Ділдәбекова Ләззат Анарқұлқызы
Ділдәбекова Ләззат Анарқұлқызы
доцент м.а.
Бекарысова Дана Сапарғалиқызы
Бекарысова Дана Сапарғалиқызы
доктор PhD
Усербаева Бану Әбдірайымқызы
Усербаева Бану Әбдірайымқызы
Phd докторы, аға оқытушы
Юнусова Нигара Хакимжановна
Юнусова Нигара Хакимжановна
Phd докторы, аға оқытушы
Әліпбаева Гулназия Сейдалықызы
Әліпбаева Гулназия Сейдалықызы
аға оқытушы
Асылбекова Гулшахар Кенесбекқызы
Асылбекова Гулшахар Кенесбекқызы
аға оқытушы
Қанжігітова Мөлдір Жарқынбекқызы
Қанжігітова Мөлдір Жарқынбекқызы
аға оқытушы
Еркеқұлова Калия Құдайқұлқызы
Еркеқұлова Калия Құдайқұлқызы
аға оқытушы
Жиенбаева Әлия Айтбайқызы
Жиенбаева Әлия Айтбайқызы
аға оқытушы
Саденова А. А
Саденова А. А
Аға оқытушы
Дәріпбек Айгүл Жәдігербекқызы
Дәріпбек Айгүл Жәдігербекқызы
аға оқытушы
Абдирова Тюлпан Орысбаевна
Абдирова Тюлпан Орысбаевна
оқытушы
Ағабек Гүлназ Болатбекқызы
Ағабек Гүлназ Болатбекқызы
оқытушы
Катчанова Айгерім Болатқызы
Катчанова Айгерім Болатқызы
оқытушы
Орынбек Ажар Ғаниқызы
Орынбек Ажар Ғаниқызы
оқытушы
Нәзікбаева Жазира Әбдіқалыққызы
Нәзікбаева Жазира Әбдіқалыққызы
аға лаборант
Абетаева Салтанат Бекмаханбетқызы
Абетаева Салтанат Бекмаханбетқызы
аға лаборант
Стаева Гаухар Ақылбекқызы
Стаева Гаухар Ақылбекқызы
аға лаборант
Қасымбай Луиза Арманқызы
Қасымбай Луиза Арманқызы
аға лаборант
Бердиярова Сандуғаш
Бердиярова Сандуғаш
аға лаборант

Бакалавриат

Дәрістер 2025-2026

Әдістемелік нұсқаулар 2024-2025

БӨҚ 2025-2026

Дәрістер 2024-2025

Силлабустар 2025-2026

Силлабустар 2024-2025

Докторантура

Магистратура