Войти
Басты бет Факультеттер Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
УМКД
Портфолио

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы

Кафедра тарихы

Тіл пәндері кафедрасы 1979 жылы Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтының филиалы болып ашылғаннан бастап, кафедра меңгерушісі қызметін филология ғылымадының кандидаты, доцент Т.Б.Байжанов атқарды. 

2000-2006 жыл аралығында кафедраны филология ғылымдарының кандидаты М.Д.Мұсабаева басқарды. 

2004 жылы қыркүйек айынан бастап, қайта құрудың нәтижесінде орыс тілі кафедрасы құрылды, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Х.Амандыкова басқарды.

Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы 2006-2012ж.ж. аралығында қазақ тілі мен латын тілдері кафедрасының меңгерушісі болды. 

Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы - филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен латын тілі тілі кафедрасын 2012 -2014 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі ретінде басқарды. 

2015ж. орыс тілі кафедрасын қазақ тілі кафедрасымен біріктіру нәтижесінде қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы құрылды. Кафедраны ф.ғ.к, доцент С.Х.Амандыкова басқарды.

Сол жылы кафедрадан қазақ тілі мен латын тілі курсы бөлініп, курс меңгерушісі болып Е.Қ.Сәлім бекітілді. 

2018 жылдың 1 маусымынан бастап қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты Ибраева Ляззат Бостановна басқаруда.

 

Ибраева Ляззат Бостановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 1995 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы «Изучение иностранного языка в педвузе как фактор гуманистического развития личности будущего педагога» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Шифры: 13.00.08 – кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі. Электрондық поштасы Ibraeva_L@mail.ru

 

Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының негізгі міндеттері
• Тіл біліктілігін қалыптастыру.
• Таңдаған сала бойынша мамандық тіліне үйрету.
• Оқуда, тыңдауда, жазуда, сөйлеуде коммуникативтік және сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыру.
• Студенттерді сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздерімен ғылыми пән ретінде таныстыру.
• Студенттердің түрлі салаларда ауызша және жазбаша түрінде пікір алмасу дағдыларын қалыптастыру.
• Қазіргі әдеби тілінің функционалдық стилінің ерекшеліктерін меңгеруді қамтамасыз ету.
• Жеке және қызметтік құжаттарды құрастыру, іскерлік қағаздарды рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.
• Студенттерге сөйлеу этикасын және тілдің этикалық формулаларын үйрету.
• Шетел студенттеріне орыс және қазақ тілдерін оқып-үйренуге жағдай жасау.
• Шетел студенттерін үш жүйедегі (анатомиялық-гистологиялық, клиникалық және фармацевтикалық) медициналық терминологиялық негіздеріне үйрету.
• Шетел студенттерінің жаңа әлеуметтік тілдік және мәдени ортада бейімделуін жеңілдету.

 

Негізгі оқу курстары
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында төмендегі пәндер оқытылады:
• Қазақ тілі
• Орыс тілі
• Латын тілі
Пәндер қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

6В10115 - «Медицина», 6В10116 «Педиатрия», 6В10117 «Стоматология», В610104 – «Мейіргер ісі», 6В10106 – «Фармация», 6В10111 – «Қоғамдық денсаулық», 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», 6В10118 – «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалаврларына арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Латын тілі» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендері жыл сайын жаңартылады.


Кафедраның ғылыми басым бағыттары
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ғылыми жұмысы медициналық білім беруде көптілді коммуникативтік ортаны қалыптастыруға және дамытуға, сондай-ақ тілді инновациялық және интербелсенді оқыту жолымен студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Байланыс

Кафедраның мекенжайы: Шымкент қаласы, әл-Фараби алаңы 1, №3 корпус, 2 қабат.
Эл. пошта: Ibraeva_L@mail.ru, kaz.tili@mail.ru
Ибраева Л.Б.
Ибраева Л.Б.
қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
Сәлім Е.Қ.
Сәлім Е.Қ.
қазақ тілі мен латын тілі курс меңгерушісі, доцент м.а.
Маханова Г.Б.
Маханова Г.Б.
профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты
Темирбекова Ж.К.
Темирбекова Ж.К.
доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты
Карбозова Г.К.
Карбозова Г.К.
доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты
Қасымбекова А.Н.
Қасымбекова А.Н.
латын тілінен доцент м.а.
Кемелхан Д.Ж.
Кемелхан Д.Ж.
қазақ тілінің аға оқытушы, филология ғылымдарының магистрі
Каспанова Ф.А.
Каспанова Ф.А.
орыс тілінің аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Нурмаханова Г.К.
Нурмаханова Г.К.
орыс тілінің аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Шадиева К.Б.
Шадиева К.Б.
орыс тілінің аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Абдуллабекова А.Т.
Абдуллабекова А.Т.
қазақ тілінің аға оқытушы
Жакипова А.С.
Жакипова А.С.
қазақ тілінің аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Утегенова Г.М.
Утегенова Г.М.
орыс тілінің аға оқытушы
Альмаханова Г.Т.
Альмаханова Г.Т.
орыс тілінің аға оқытушы
Садықова К.Б.
Садықова К.Б.
орыс тілінің аға оқытушы
Оразымбетова Г.Д.
Оразымбетова Г.Д.
қазақ тілінің аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Саимкулова А.Д.
Саимкулова А.Д.
қазақ тілінің аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Жолдыбаева Г.Б.
Жолдыбаева Г.Б.
латын тілінің аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі
Сафронова Ю.В.
Сафронова Ю.В.
латын тілінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Дүйсенбаева М.М.
Дүйсенбаева М.М.
латын тілінің аға оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі
Қамысбай А.Б.
Қамысбай А.Б.
латын тілінің оқытушысы
Әбдішәхім Н.Ә.
Әбдішәхім Н.Ә.
латын тілінің оқытушысы
Дүйсенбі З.Б.
Дүйсенбі З.Б.
аға лаборант
Еримбетова М.К.
Еримбетова М.К.
аға лаборант
Жакашбаева Ұ.М.
Жакашбаева Ұ.М.
аға лаборант
Бижанова Г.К.
Бижанова Г.К.
лаборант

Бакалавриат

Әдістемелік нұсқаулар

Силлабустар

БӨҚ