Войти
Басты бет Факультеттер Дене тәрбиесі орталығы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
УМКД
Портфолио

Дене тәрбиесі орталығы

Дене тәрбиесі орталығы

 

Орталық тарихы

 

Дене шынықтыру кафедрасы 1979 жылы құрылды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі Құрманбаев Марат Тафтиевич (1979-1988), Алматы дене шынықтыру және спорт институтын бітірген, ұзақ жылдар Қазақ химия-технологиялық институтында дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Волейболдан халықаралық дәрежедегі төреші, Марат Тафтеевичтің дайындаған командасы 1980-1981 жылдары медицина ЖОО арасындағы жарыстардың чемпионы болған. Кұрманбаевтің инициативасы және белсенділігімен Қасқа-су спорттық-сауықтыру кешені құрылды.
1988-1992 жылдар аралығында кафедраны аға оқытушы Валуев Валерий Владимирович басқарды. Ол, Шымкент педагогикалық институтының «Дене шынықтыру және спорт» факультетін бітірген соң, Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалына жұмысқа қабылданған. (қазіргі ОҚМА).
1992-2001 жылдар аралығында Баймбетов Бокенбай Испандиярович кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бокстан спорт шебері, Алматы дене шынықтыру және спорт институтын бітіріп, кафедрада спорт клубының төрағасы болып жұмыс атқарған. Бөкенбай Испандиярұлы дайындаған студенттер Республикалық жарыстардың жүлдегерлері.
«ОҚМА»АҚ Ғылыми кеңесінің шешімімен 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра «Дене тәрбиесі орталығы» болып өзгертілді.
Дене шынықтыру сабағы 1-2 курс барлық мамандықтарға жүргізіледі. Пән үш тілде оқытылады: қазақ топтарда ана тілінде, орыс топтарында орыс тілінде, шет ел студенттеріне ағылшын тілінде.
Кафедраның дамуына Айтимбетова Татьяна Григорьевна, Дьякова Любовь Федоровна, Хасенова Сайран Айшыраковна, Жумабекова Азиза Эмзебековна үлкен үлес қосты. Жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер Жумабекова А.Э. Қарағанды педагогикалық дене шынықтыру институтын бітіргеннен бері кафедрада жұмыс істейді (1980). Жумабекова А.Э. қаланың және академияның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін: қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды (1992), ОҚО денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы» (2004), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2004 ж.), «Алғыс» ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (2010), Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамматы» (2011). 1996 жылы жеңіл атлетикадан Оңтүстік Қазақстан облысының медицина қызметкерлері арасында 300 метрге жүгіруден жеңімпаз атанған. 1999 және 2005 жылдары – ОҚМФА – ның «Жыл мұғалімі» атағына байқаудың жеңімпазы. Адал еңбегі үшін 2023 жылы қала әкімінің «Алғыс хаты» және «Еңбек адамы» кубогымен марапатталды.

 

 

Аширбаев Орынбасар Атырханұлы - Дене тәрбиесі орталығының меңгерушісі

 

 

Қазіргі таңда Аширбаев Орынбасар Атырханұлы орталық меңгерушісі. ОҚМУ «Дене шынықтыру» факультетін 1996 жылы бітіріп, кафедра оқытушысы болып жұмысқа қабылданып, 2001 жылдан бастап кафедраның аға оқытушысы, және кафедра меңгерушісі қызметіне ауысты. Армрестлингтен спорт шеберлігіне үміткер, «UNIBOY» әуесқойлар федерациясының халықаралық санаттағы төрешісі. Магистр.
Дене тәрбиесі орталығының негізгі міндеті – денсаулықты нығайту, дене бұлшықетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

 

 

Дене тәрбиесі орталығында қазіргі уақытта жоғары кәсіби жаттықтырушы-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, құрамында Қазақсатан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы-оқытушылар: Архарбеков А.А, Мергенбаев Д.Қ , аға жаттықтырушылар мен оқытушылар: А.Э.Жумабекова, А.А. Жүзжігітов, Г.Б.Дуйсенбиев, Е.С.Аяпов, Н.Б.Шораева, жаттықтырушы-оқытушы: Б.Б.Амал, Б.А Дуйсенов, А.Н.Түгелбай және , оқу-көмекші қызметкерлері – аға лаборант Б.У.Сарбаева, лаборанттар Г.М.Айдарова.

 

 

 

Орталық базалары: 2 спорт залы, тренажер, гимнастикалық және үстел теннисі залы бар.

 

Орталықта волейбол, баскетбол, гандбол, шағын футбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ бойынша спорт секциялары жұмыс жасайды.
Жыл сайын студенттер арасында «Іріктеу», «Жатақхана біріншілігі» қалалық жарыстарына қатысу үшін жарыстар өткізіледі. Академия ұжымы үшін «Денсаулық» тобы жұмыс істейді және спорт түрлерінен Спартакиада дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
Академияның құрама командасы волейболдан және тоғызқұмалақтан 2014 жылы ҚР-ның медициналық ЖОО арасында өткен аймақтық жарыстардың жеңімпаздары.
Академияның құрама командалары қаладағы ЖОО арасында шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, шағын футбол, волейбол және гандболдан қалалық Спартакиадада жалпыкомандалық ІІІ орынды иеленіп келеді.


Орталық өткізетін дәстүрлі спорттық іс-шаралар:

 

Жатақхана біріншілігі

 

 

 

Қалалық жарыстарға қатысу

 

 

 

 

Білім алушылар арасындағы Іріктеу жарысы

 

 

 

ОҚМА қызметкерлері арасында Спартакиада

 

 

 

 


Мекен-жайымыз:,Әль-Фараби,,алаңы-1,ОҚМА,1-оқу ғимараты
Тел: 8(7252) 39-57-57 (ішкі. 1081)
Эл. адрес: fk/dsh.ukma@mail.ru

 

 

 

 

 

Аширбаев Орынбасар Атырханови
Аширбаев Орынбасар Атырханови
орталық меңгерушісі, аға оқытушы, магистр
Жумабекова Азиза Эмзебековна
Жумабекова Азиза Эмзебековна
аға жаттықтырушы -оқытушы
Архарбеков Абдрахман Алдебаевич
Архарбеков Абдрахман Алдебаевич
жаттықтырушы-оқытушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Мергенбаев Дуйсенбай Калдыбекович
Мергенбаев Дуйсенбай Калдыбекович
жаттықтырушы-оқытушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Жузжигитов Алимжан Амангельдиевич
Жузжигитов Алимжан Амангельдиевич
аға жаттықтырушы -оқытушы
Дуйсенбиев Гани Базаралиевич
Дуйсенбиев Гани Базаралиевич
аға жаттықтырушы -оқытушы, магистр
Аяпов Едил Сейтбаевич
Аяпов Едил Сейтбаевич
аға жаттықтырушы -оқытушы
Шораева Нурила Балгабаевна
Шораева Нурила Балгабаевна
аға жаттықтырушы -оқытушы, магистр
Амал Бағлан Бақытұлы
Амал Бағлан Бақытұлы
жаттықтырушы-оқытушы
Дуйсенов Биржан Абилаханович
Дуйсенов Биржан Абилаханович
жаттықтырушы-оқытушы
Түгелбай Алмас Нұржігітұлы
Түгелбай Алмас Нұржігітұлы
жаттықтырушы-оқытушы Магистрант
Сарбаева Балнұр Үйсінбайқызы
Сарбаева Балнұр Үйсінбайқызы
аға лаборант
Айдарова Гүлдана Мауленовна
Айдарова Гүлдана Мауленовна
лаборант

Бакалавриат

Силлабустар