«Емдеу ісі» мамандығы 1992 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институты негізінде ашылды. Алғашқы деканы болып профессор Құдабаев Қанапия Жұмағазыұлы тағайындалды. 1996-1997 жылдары декан қызметін доцент Бекетов Ғалымжан Ильясұлы атқарды. 1997 жылдан бастап емдеу факультетінің деканы болып м.ғ.д., профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлы тағайындалды. 1999 жылдан бастап емдеу факультетінің деканы қызметін профессор Сисабеков Қасымхан Ермекбайұлы атқарды. 2003 жылы емдеу факультетінің деканы қызметіне м.ғ.к., доцент Анартаева Мария Ұласбекқызы тағайындалды.
2012 жылы академия ректорының 08.10.2012 жылғы №222 бұйрығы бойынша медицина факультеті құрылды. Медицина факультетінің бірінші деканы қызметін м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қарабеков Ағабек Қарабекович атқарды. 2015 жылдан бастап медицина факультетінің деканы қызметін м.ғ.к., профессор м.а. Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы атқарды. 2022-2024 жж. – Сагтаганов Жаксыбек Илесбекович декан қызметін атқарды. 2024 ж. қаңтар айынан бастап факультет деканы болып м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна тағайындалды.
Факультет студенттердің бірнеше жақын мамандықтарының дайындығын іске асыратын, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарымен айналысатын ОҚМА құрылымдық бөлімі болып табылады.
Қазіргі таңда медицина факультеті бакалавриат білім беру бағдарламаларын дайындауда:
|
№ |
Білім беру бағдарламасы |
Оқу мерзімі |
Курс |
|
1. |
6В10115 - Медицина |
6 жыл |
1-4 |
|
2. |
6В10115 - Медицина (қысқартылған) |
6 жыл |
1-2 |
|
3. |
6В10101 - Жалпы медицина |
5 жыл |
5 |
|
4. |
6В10116 - Педиатрия |
6 жыл |
1-4 |
|
5. |
6В10102 - Педиатрия |
5 жыл |
5 |
|
6. |
6В10117 - Стоматология |
6 жыл |
1-4 |
|
7. |
6В10117 - Стоматология (қысқартылған) |
6 жыл |
1-2 |
|
8. |
6В10103 - Стоматология |
5 жыл |
5 |
|
9. |
6В10118 - Медициналық-профилактикалық іс |
5 жыл |
1,3 |
|
10. |
6В10104 - Мейіргер ісі |
4 жыл |
3-4 |
|
11. |
6В10104 - Мейіргер ісі (қысқартылған) |
10 ай |
1 |
|
12. |
6В10111 - Қоғамдық денсаулық |
5 жыл |
3-4 |
Қазіргі кезде медицина факультетінде Қазақстанның барлық қалаларынан және ТМД елдерінен 2700-ге жуық студент білім алады. Жыл сайын «Жалпы медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламалары білім алушылары ҚР Президентінің атаулы стипендиясының иегерлері болып табылады.
Факультет кафедраларындағы штаттық педагогикалық оқытушылар құрамының саны - 279. Оның ішінде ғылым докторлары - 20, ғылым кандидаттары - 66, PhD докторлары – 9, магистрлар – 57, жоғары саннаттағы дәрігерлер - 94, бірінші саннаттағы дәрігерлер -6.
Факультет білім беру бағдарламаларына байланысты факультеттің құрамына қарасты барлық кафедралар, өз жұмыстары бойынша факультеттің бағдарына жақын жалпы ғылымдық және жалпы білімдік кафедраларды біріктіреді.
Факультетке қарасты 21 кафедра жұмыс атқарады:
1. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы (кафедра меңгерушісі PhD Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы)
2. «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасы (кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы)
3. «Морфофизиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор м.а. Танабаев Баймахан Дильбарханович)
4. «Клиникаға кіріспе» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, PhD Жумадилова Ақмарал Рахматуллаевна)
5. «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор м.а. Сейтханова Бибигуль Тулегеновна)
6. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Эльмира Куанышевна)
7. «Патология және сот медицинасы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор м.а. Садыкова Алия Шамилевна)
8. «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., қауым.профессор Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна)
9. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі, профессор м.а. Кульмирзаева Дарияна Муратовна)
10. «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна)
11. «Фтизиопульмонология және радиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Касаева Лаззат Татибековна)
12. «Терапия және кардиология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Асанова Галия Кутумбетовна)
13. «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Даткаева Гулмира Маханбетовна)
14. «Педиатрия-1» кафедрасы (кафедра меңгерушісі PhD Кемельбеков Канатжан Сауханбекович)
15. «Педиатрия-2» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., профессор Бектенова Гульмира Ерсеитовна)
16. «Хирургия және онкология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Абдурахманов Бабур Анварович)
17. «Оториноларингология, урология және травматология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Калдыгозова Галия Еркимбековна)
18. «Хирургиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Шукпаров Асылбек Баядилович)
19. «Балалар және терапиялық стоматологиясы» кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Кенбаева Лаура Омархановна)
20. «Дене тәрбиесі орталығы» (меңгерушісі, магистр Аширбаев Орынбасар Атырханович)
21. Топографиялық анатомия және гистология кафедрасы (кафедра меңгерушісі профессор м.а. Мурзанова Д.А.)