Войти
Басты бет Факультеттер Терапия және кардиология кафедрасы
Мәзір
Негізгі ақпарат
Қызметкерлер
ПОӘК
Портфолио

Терапия және кардиология кафедрасы

Терапия және кардиология кафедрасы


1996 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында алғаш рет госпитальдық терапия кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қуйбақов М.Б. басқарды. Оның кандидаттық диссертациясы миокард инфарктынан кейінгі оңалту мәселелеріне арналды.
1997 жылғы қыркүйек айынан 2001 жылғы қыркүйек айына дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Байдүрин С.А. басқарды. Оның докторлық диссертациясы клиникалық гематология мәселелеріне арналды.
2001 жылдан 2009 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін профессор Каркабаева А.Д. атқарды. Оның кандидаттық және докторлық ғылыми еңбектері клиникалық ревматология мен иммунологияның өзекті мәселелерін шешуге арналған.
2009 жылы терапия-2 кафедрасы екі дербес кафедраға бөлінді: «Интерндер терапиясы №1» және «Интерндер терапиясы №2».
2009 жылдан 2013 жылға дейін «Интерндер терапиясы №1» кафедрасын медицина ғылымдарының докторы Саркулова С.М. басқарды. Оның докторлық диссертациясы қорғасын өндірісіндегі өндірістік факторлардың жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының дамуына ықпалын кешенді бағалауға арналды.
2009 жылдан 2018 жылға дейін «Интерндер терапиясы №2» кафедрасын медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Туртаева А.Е. басқарды. Оның кандидаттық диссертациясы «Ерте артриттің клинико-иммуногенетикалық сипаттамасы және оны емдік тұрғыдан түзету» тақырыбына арналған.
2018 жылдың маусым айынан бастап «Терапевтік пәндер» кафедрасын медицина ғылымдарының кандидаты Асанова Г.К. басқарып келеді. 2021 жылдың желтоқсан айында «Терапевтік пәндер» кафедрасы «Терапия және кардиология» кафедрасы деп қайта аталды.


Кафедрада жүргізілетін негізгі білім беру бағдарламалары:
«Терапия және кардиология» кафедрасы жоғары оқу орнының негізгі клиникалық және медициналық кафедраларының бірі болып, резидентура бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауда үлкен үлес қосуда. Қазіргі уақытта кафедрада келесі резидентура бағдарламалары жүзеге асырылады:
• «Кардиология (ересектерге, балаларға)»
• «Нефрология (ересектерге, балаларға)»
• «Гастроэнтерология (ересектерге, балаларға)»
• «Эндокринология (ересектерге, балаларға)»
• «Ревматология (ересектерге, балаларға)»
• «Гематология (ересектерге)»


Кафедрада «Жалпы медицина» факультеті мен «Педиатрия» факультетінің 4-курс студенттері, сондай-ақ халықаралық факультеттің 4-курс студенттері білім алады.
«Жалпы медицина» және «Педиатрия» факультетінің 4-курс студенттеріне «Ішкі аурулардың негіздері-1, 2» пәні бойынша дәрістер мен семинарлар жүргізіледі.


Барлық пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады. Оқу-әдістемелік материалдар жыл сайын жаңартылып отырады.
 
Терапия және кардиология кафедрасының меңгерушісі
Галия Құтымбетқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
• Ғылыми қызығушылықтары: «Жұмыс істейтін мақта-өңдеу өндірісіндегі жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайы», «Миокард инфарктын интервенциялық емдеу», «Жүрекке ашық коронарлық шунттаудан кейінгі және қосымша созылмалы бүйрек ауруы бар науқастардағы эхокардиографиялық әдіспен жүрек жағдайын бағалау».
• 85-тен астам ғылыми мақаланың авторы, 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
• Асанова Г.К. жетекшілігімен «Медицина» мамандығы бойынша 2 магистерлік диссертация қорғалды.
Біліктілік категориясы жоғары дәрежеде «Терапия», «Кардиология (ересектерге)», «Функционалдық диагностика» мамандықтары бойынша.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы:
Абсейітова Сауле Райымбекқызы — Қазақстан Республикасының Кардиологтар Ассоциациясының президиум мүшесі. «Ұлттық медициналық ассоциация» республикалық қоғамдық бірлестігіне берілетін ең жоғары награда — «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде төрт оқу құралы, үш әдістемелік құрал, жеті әдістемелік ұсыныс, үш авторлық құқық патенті, бір монография бар.
Бекжігітов Спандияр Байжігітович – медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, жоғары біліктілікті кардиолог. Қазақстан Республикасының «Ұлттық медициналық ассоциация» республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан берілетін ең жоғары награда — «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері. 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде патенттер, тәжірибелік дәрігерлерге арналған нұсқаулықтар және әдістемелік ұсынымдар бар.
Туртаева Айгүл Елубаевна – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Онкологиялық науқастарды оңалту әдісі, «Артрогус» жақпамайын дайындау әдісі» атты мақаланың авторы. Біліктілік категориясы жоғары дәрежеде «Ревматология (ересектерге, балаларға)», «Терапия», «Кардиология (ересектерге)» мамандықтары бойынша.
Күшекбаева Азия Ергешовна – доцент, медицина ғылымдарының кандидаты. 120-дан астам ғылыми еңбектің, әдістемелік құралдар мен мақалалардың авторы.
Кафедраның ғылыми басымдықтары
Кафедраның ғылыми жұмыстары жоғары білікті мамандарды резидентура, бакалавриат бағдарламалары бойынша даярлауға, олардың терапевтік аурулармен ауыратын науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмыс дәлелді медицина принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кафедраның мақсаты – резиденттер мен студенттерге «Кардиология (ересектерге, балаларға)», «Нефрология (ересектерге, балаларға)», «Гастроэнтерология (ересектерге, балаларға)», «Эндокринология (ересектерге, балаларға)», «Ревматология (ересектерге, балаларға)», «Гематология (ересектерге)», «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтары бойынша терең білім, дағдылар мен кәсіби біліктіліктерді меңгерту. Сонымен қатар, өндірістік-зерттеу, педагогикалық тәжірибеден өтуге және ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын орындауға даярлау басты назарда.


Кафедраның міндеттері:
• Медицина саласында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау;
• Бакалаврлар мен резиденттерді даярлау;
• Бакалаврлар мен резиденттердің білімін жетілдіру;
• Денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында даярлау бағытын анықтайтын пәндер бойынша тұрақты ұғымдар, білімдер, дағдылар мен қабілеттерді беру. Бұл ретте жалпы терапевтік көмек ұйымдастыру, аурухана және емхана жұмысы туралы мәліметтерді игеру, ересек тұрғындарға заманауи диагностика, профилактика, емдеу әдістерін қолдана отырып, білікті медициналық көмек көрсетуге қабілетті мамандарды даярлау көзделеді. Сонымен қатар, пациенттің кейінгі оңалту процесін ұйымдастыру да маңызды.


Кафедраның клиникалық базалары:
1. Облыстық клиникалық аурухана
2. Облыстық эндокринологиялық диспансер
3. Қалалық консультативтік-диагностикалық орталық
4. Қалалық кардиологиялық орталық
5. Қалалық клиникалық аурухана №2
6. «Сункар-premium» медициналық орталығы
7. «Клиника позвоночника» медициналық орталығы
8. «Профмедсервис» медициналық орталығы


Кафедрада жоғары және бірінші біліктілік категориясы бар мамандар жұмыс істейді, олар кардиологиялық, ревматологиялық, гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, гематологиялық, эндокринологиялық аурулары бар науқастарды консультациялайды. Кафедра қызметкерлері практикалық денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп: практикалық, патологоанатомиялық және таңертеңгі конференциялар өткізеді.


Халықаралық байланыстар:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін ішкі және сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасы келесі университеттерде жүзеге асырылады:


1. Ташкент медициналық академиясы
2. Самарқанд мемлекеттік медициналық университеті
3. Бұхара мемлекеттік медициналық университеті
4. «Семей медициналық университеті» АҚ
5. ҚазҰМУ, С.Д. Асфендияров атындағы
6. Шымкент қаласы, Х.А. Яссауи атындағы МКТУ кампусы

Байланыс

Мекен-жайы: «Сункар-premium» медициналық орталығы, Торекулова көшесі, 26.
Тел: +7 701 130 0653
Email: agk_26@mail.ru
Асанова Ғалия Құтымбетовна
Асанова Ғалия Құтымбетовна
Кафедра меңгерушісі, Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Тұртаева Айгүл Елубайқызы
Тұртаева Айгүл Елубайқызы
медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Абсеитова Сәуле Райымбекқызы
Абсеитова Сәуле Райымбекқызы
профессор
Күшекбаева Әсия Ергешқызы
Күшекбаева Әсия Ергешқызы
доцент, медицина ғылымдарының кандидаты
Бекжігітов Спандияр Байжігітұлы
Бекжігітов Спандияр Байжігітұлы
медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты кардиолог дәрігер.
Әбдіхалықов Абай Мағжанұлы
Әбдіхалықов Абай Мағжанұлы
профессор
Баймұхамедов Шоқан Тілеуқұлұлы
Баймұхамедов Шоқан Тілеуқұлұлы
профессор
Аширов Болат Анварович
Аширов Болат Анварович
доцент м.а
Серікбаева Мира Тұрдалықызы
Серікбаева Мира Тұрдалықызы
ассистент
Сұлтанова Әсел Қайратқызы
Сұлтанова Әсел Қайратқызы
ассистент
Дуранова Наргиз Насировна
Дуранова Наргиз Насировна
аға лаборант
Әлмен Эльмира Қаржауқызы
Әлмен Эльмира Қаржауқызы
аға лаборант

Бакалавриат

Резидентура

Силлабустар 2023-2024

Силлабустар 2025-2026

Силлабустар 2024-2025