Кафедра тарихы
«Гигиена және эпидемиология» кафедрасы 1994 жылы «Жалпы гигиена және азаматтық қорғаныс курсы» атауымен ұйымдастырылды.
Кафедра алғашында Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының базасында, бас дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Тургаутов Б.К. жетекшілігімен құрылды. Сол жылы Алматы қаласынан арнайы медицина ғылымдарының докторы, профессор Турлыбеков Ж.Т. шақырылды.
1995 жылдың ақпан айында кафедра меңгерушісі болып ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтынбеков Б.Е. тағайындалды. Профессор Алтынбеков Б.Е. басқарған жылдары кафедрадан 2 докторлық, 9 кандидаттық диссертация қорғалды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына жоғары санатты санитарлық-гигиеналық мамандар даярланды.
2003 жылдан бастап мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешімімен «Жалпы гигиена және экология» кафедрасы ұйымдастырылды.
2011 жылы кафедраның атауы «Гигиена – 1» деп өзгертілді, 2012 жылы «Гигиена – 1» және «Дене тәрбиесі» кафедралары біріктіріліп, «Гигиена – 1, дене тәрбиесі және валеология» кафедрасы болып қайта құрылды.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Эпидемиология» пәнінің қосылуына және Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес кафедра атауы «Гигиена – 1 және эпидемиология» болып өзгертілді.
2017 жылдың 31 тамызындағы Ғылыми кеңес шешімі және ректордың №241п бұйрығына сәйкес «Гигиена – 1 және эпидемиология» және «Гигиена – 2» кафедралары біріктіріліп, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы болып қайта құрылды.
2025 жылдан бастап ОҚМА «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі – PhD, профессор міндетін атқарушы Кульмирзаева Дарияна Муратовна.
Қазіргі уақытта кафедрада 13 оқытушы, 3 лаборант қызмет атқарады. Оқытушылар құрамында: 2 профессор, 6 доцент, 4 аға оқытушы бар (магистр).
Кафедра мақсаттары:
- оқытушылар мен қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының ғылыми және біліктілік дәрежесін көтеру;
- кафедраның материалдық және оқу-техникалық базасын нығайту;
- оқыту әдістемесін және студенттердің қажетті білім қағидаларын меңгеруін жетілдіру.
Негізгі оқу курстары:
Эпидемиология
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Экология және тұрақты даму
Жалпы гигиена
Радиациялық гигиена және медициналық экология
Жеке эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен
Еңбекті қорғау
Еңбек гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Коммуналды гигиена
Тағам гигиенасы
Клиникалық эпидемиология
Кафедрада пәндер үш тілде оқытылады: қазақ, орыс және ағылшын.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
1. Әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жетілдіру және ірі қорғасын өндірісі саласында экологиялық зиянды аурулардың алдын-алу бағдарламаларының тиімділігін интегралды бағалау;
2. Заманауи жағдайдағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының физикалық дамуын зерттеу;
3. Заманауи жағдайдағы халықтың денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін зерттеу.
1980-1997 жылдары Қарағанды мемелекеттік медицина институтының санитария гигиена факультетінде «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығын оқыды.
1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еңбек физиологиясы және гигиенасы институтының аспирантурасында оқып, «Еңбек жағждайы, сырқаттанушылық және хирург дәрігерлерін кәсіби іріктеу критеррияларын әзірлеу» тақырыбында ғылыми жұмыс атқарды және 2001 жылы эпидемиология мамандығы бойынша медицина ғалымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Мамандық бойынша жалпы еңбек өтілі 34 жыл, оның 16 жылы ғылыми педагогикалық қызмет атқарды.
2020 жылдан бастап, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Гигиена және эпидемиология» кафедрасын меңгеруші қызметін атқаруда.
Ғылыми педагогикалық қызметінде академияның бакалавриат және магистранттар арасында эпидемиология пәнімен гигиена секциялары бойынша дәрістермен тәжірбиелік сабақтар жүргізуде.
Пархат Дуйсембайұлының жетекшілігімен 2017 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Құтыру ауруының алдын алудағы емдеу алдын алу иммунизациясының қолданысын бағалау» тақырыбында диссертация қорғалды, Шымкент қаласы 2015 жылы ОҚМФА және консультация бойынша «Биология» мамандығы бойынша «Гендік модифицирленген ағза өнімдерінің қасиеттерін биологиялық тұрғыда бағалау» тақырыбында диссертация қорғады.
2016 жылы «Шымкент қаласының өндірістік төгінді суларының химиялық құрамына зерттеу жүргізу және ирригациялық баға беру» диссертациясы қорғалып, Алматы Қаз журналына жарыққа шықты.
2017 жылы Шымкент қаласы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Инсульттан кейінгі ауруханалық кезеңдегі кешенді реабилитация сауалдары» тақырыбында диссертация қорғады.
29.11.2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің қаулысына сәйкес медальмен марапатталды.